Сайт продается

Цена: 550$

Обращатся : [email protected]

Қазақстандық боксшылардың жойқын соққыларының видеосы желіде тарады

Қазақстандық боксшылардың жойқын соққыларының видеосы желіде тарады


АСТАНА. ҚазАқпарат — Suleimen Promotions промоутерлік компаниясының Youtube-каналында оның басты жұлдыздары — қазақстандық боксшылар Айдос Ербосынұлы (10-0, 8 КО) мен Нұрсұлтан Жаңабаевтың (6-0, 4 КО) жойқын соққыларының видеосы жарияланды, деп хабарлайды Sports.kz.

Ербосынұлы өзінің соңғы кездесуін 23 желтосақ күні Ресей астанасы Мәскеуде өткізген болатын. Айдос бельгиялық боксшы Илиас Ачергуиді (12-4-1, 6 КО) мерзімінен бұрын тізе бүктірген еді. Қарсылас жақтың өкілдері төртінші раундта жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Жаңабаев та дәл осы күні шаршы алаңға көтерілген. Ол төрешілердің бірауыздан шешімімен филиппиндік былғары қолғап шебері Арнел Тинампайдан (25-23-1, 11 КО) басым түскен еді. Осылайша Нұрсұлтан бұған дейін бос болған бірінші орта салмақтағы WBC Asia чемпионы атағын иеленген болатын.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/kazakstandyk-boksshylardyn-zhoykyn-sokkylarynyn-videosy-zhelide-tarady_a3487449”

loading